Алматыда көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 102 баласына қосымша білім гранты берілді.
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы тамыздың 5-10 аралығында қосымша 190 білім беру грантын тағайындау үшін құжат қабылданды. Байқауға 129 талапкер қатысып, олардың 102-і қосымша білім грантын иеленіп отыр.
Бұл грантты ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі бөлген еді. Олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана арналған.
Алматы бойынша жоғары білім берудің қосымша гранты иегерлерінің толық тізімі