Құжатқа сәйкес, аталмыш жоба аясында жергілікті басқару органдары мен Ұлттық қордан 3,6 млрд. теңге бөлінеді.
Бұл қаражатқа 672 пәтері бар 6 үй салынады және банк салымшыларына баспананың шаршы метрі 140 000 теңгеден беріледі.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаевтың айтуынша, тұрғын үйлер облыстың үш елді мекенінде салынады. Талдықорғанда 562 пәтер болатын 4 үй, Қаскеленде 50 пәтерлік бір нысан және Өтеген батыр ауылында тағы бір тұрғын үй тұрғызылады. Онда 60 пәтер болмақ.
Алматы облысында 600-ден астам пәтер салынады
ДереккөзҚазАқпарат