Басты бетЖаңалықтарНұрсұлтан Назарбаев...

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетке алақан жаюшыларды сынады

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам мүшелерінің билікке талап қоюы туралы пікір білдірді.

Кеңес уақытында, білесіздер ме, басшыларға адамдардың алдына шығып сөз сөйлеу қорлық әрі жол берілмейтін іс болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, кейде фильмдерден көрсетіп жатады, маған күн сайын жүздеген мәлімдеме жасауға тура келді. Ел бойынша мыңдаған сапар жасадым, өйткені елде ештеңе болмады. Жұмыс жоқ, жалақы жоқ, дүкен сөрелері бос болды, бәрі «бер» дейтін. Мемлекетте дым жоқ болса, қайдан бересің? — деді Тұңғыш Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев халық сол бұрынғы талабынан әлі арылмағанын айтты.

Қазір де сол 30 жыл бұрынғы ұран айтылып жүр: «Көп балам бар, маған бер», «Жалақым аз, маған бер». Сен не ойладың сонда? Ол — сенің проблемаң. Мемлекетпен кеңескен жоқсың ғой. Мемлекет өз міндеттерін орындайды да, береді. Жоқ, олар «тағы бер» деп сұрайды, — деді Nur Otan басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары шетелден 1 миллион оралманды елге әкелгенін айтты.

Оларға жұмыс орындарын аштық. Ешбір ел олай істеген емес. Жұмыс істеу керек, жұмыс істесең, ештеңе болмайды, — деді Nur Otan төрағасы.

ДереккөзZakon.kz