Сингапур инвесторлары қазақстандық білім беру мекемелеріне 200 миллион доллар құяды

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің KinderWorld International Group компаниясының өкілдерімен болған кездесуінде айтылды.

Мемлекет басшысы инвестицияларды тарту қажет екенін айтқан еді. Әсіресе, білім беру жүйесіне инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізуіміз керек. Нұр-Сұлтан — инвестиция тарту үшін өте қолайлы жер, — деді Алтай Көлгінов.

Сингапурдың білім беру жүйесі білімді тікелей практикада қолдануға бағытталған. Әлемде рейтингі жоғары. Бұл инвесторлардан бөлек 11 инвестор 11 жекеменшік мектеп салуға ниет білдіріп отыр.

Жобаларды жүзеге асыру оқу мекемелерінде 10 мыңнан астам орын мен 1500-ден астам жұмыс орнын ашуға және ел экономикасына 27,6 миллиард теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді.