Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беретін бағдарлама іске қосылды

Бағдарлама 6% мөлшермен жеңілдетілген несиелер ұсынады. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарлама үшін екінші деңгейлі 9 банкке республика бойынша 600 миллиард теңге бөлінді.

Қаражат келесі бағыттағы жобаларды қаржыландыруға үлестірілді:

  • агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу — 100 миллиард теңге;
  • агроөнеркәсіптік кешеніндегі өндіріс — 100 миллиард теңге;
  • өңдеуші өнеркәсіп пен қызмет көрсету — 400 миллиард теңге.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, банк несиені 15% мөлшермен береді. Оның 9% мөлшері «Даму» қорымен субсидияланады.