Басты бетЖаңалықтарӘсет Ирғалиев...

Әсет Ирғалиев Руслан Дәленовтің бірінші орынбасары болды

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары тағайындалды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Әсет Арманұлы Ирғалиев ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Әсет Ирғалиев 1986 жылы Қостанайда дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін, 2009 жылы Йорк университетін және 2010 жылы Ноттингем университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2010 жылғы қыркүйекте Лондондағы Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) экономика департаментінде Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша экономикалық саясаттың аймақтық талдаушысы ретінде бастаған. 2011 жылғы қазан айынан 2012 жылғы қараша аралығында осы департаментте бас өңірлік талдаушы болып қызмет атқарды. 2011 жылғы қараша айында банктің өңірлік экономисі болды.

2013 жылғы қаңтарда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып тағайындалып, 2016 жылдың ортасына дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма төрағасының орынбасары, вице-президент, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды.

2016 жылғы қазан айында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды, 2016 жылғы желтоқсанда ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болды.

2017-2018 жылдары Премьер-министр кеңсесінің жоба басқару орталығының меңгерушісі, 2018 жылғы қыркүйектен 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды.

Әсет Ирғалиев 2019 жылғы наурыздан бүгінге дейін ҚР Премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болып қызмет етті.