Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, соңғы екі айдағы температура фонының тұрақсыз болуына байланысты 14 тамызда 06.20-да Қарғалы өзені алабындағы №1 көлдің суы ішкі морена арналары арқылы секундына 5 текше метр болып тасыған. Су деңгейі 5 метрге төмендеді, ағып кеткен судың көлемі шамамен — 20 мың текше метр.

Қарғалы шатқалы аумағындағы тұрғындарға дабыл және дыбысзорайтқыш құрылғыларымен дереу хабар берілді. Халыққа қауіпті ескертумен өрт сөндірушілер мен жол-патруль экипаждары айналысты. Зардап шеккендерді жинайтын пункт пен эвакуациялау орындары анықталды. Жақын маңдағы елді мекендерге төнетін қауіп жоқ.

Энергетика қызметтеріне жарық пен газды өшіруге бұйрық берілді. Ескерту жасап, халықты шығарамыз. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзені арнасының төменгі аймақтары, яғни Әуезов және Алатау аудандарының тұрғындарына хабар беріп жатыр. Қаланың барлық қызметі жұмылдырылды. Жақын маңдағы елді-мекендерге төнер қауіп жоқ, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Эвакуация пунктілері:

  1. Ескі әкімдік. Жандосов-Рысқұлов көшелерінің қиылысы;

2. Шахмерденов көшесіндегі №175 мектеп;

  1. №158 мектеп. Жандосов-Ясауи көшелерінің қиылысы.
Алматыдағы сел орны
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамы, күш-құралдары дабыл бойынша көтерілді. Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр.

14 тамыз күні 08.43-те көлден судың атқылауы тоқтады, Қарғалы өзені арнасындағы судың тасуы байқалмайды. Тұтас алғанда, Қарғалы өзені арнасындағы жағдай тұрақтанды, арна секундына 20 мың текше метрге дейін су жібере алады (қазір секундына 3,6 текше метр су ағып жатыр). Жағдай тұрақты, бақылауда, дүрлігуге негіз жоқ! — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келді. Ол селге қарсы жұмыстардың ұйымдастырылуын тексерді. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Қарғалы бөгеті нығайтылып жатыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!