Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындық бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Ең маңызды бағыттар: оқулықтармен қамтамасыз ету, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері. 2018 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 279-ға көбейді. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% мөлшерге жетті. Қабылданған шараларға қарамастан, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының, Түркістан мен Алматы облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарында кезек әлі де сақталуда, — деді министр.
Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мемлекеттік 49 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жоспарланған. Оның 33-і жөнделіп бітті. Қалғанында жөндеу жұмысы тамыз айының соңына қарай аяқталады.