2022 жылы Алматыдағы медициналық мекемелердің 90%-і жабдықталады.
Алматының медицина мекемелерінің бір айлық аудит қорытындыларын қарадық. Оның нәтижесі бойынша қала ауруханалары мен емханаларының жоғары дәлдіктегі қондырғылармен жабдықталуы 60%-ке жуық екені анықталды. Бірақ бұл көрсеткіш 22%-ке жетпейтін емханалар да бар. Олар — №20, 21, 25, 26, 27 емханалар. Аталған емханаларда жабдықтар ұзақ уақыт бойына ауыстырылмаған, тіпті, тозу деңгейі белгіленген нормадан асып кеткен, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, биыл емханалар үшін өте қажет, жоғары технологиялы 35 диагностикалық жабдық — УЗИ, рентген, флюорограф, маммограф алынады.