Сараптамашының айтуынша, өнімнің түсі, дәмі сияқты критерийлер дұрыс болмаса, онда ол корректировкаға жіберіледі. Дүкенде сарымай сатып алғанда қаптамасында датаға — өнімнің шығарылған күніне мән беру керек.
Майдың құрамындағы маңызды компоненттердің бірі — сүт. Содан кейінгі орында майлылығы (жирность) жоғары өсімдік тектес пальма майы. Сүттің дәмі, түсі, қышқылдығы пен тығыздығы арнайы зерттеумен есептеледі. Егер нормаға сай болса, сүттен май әзірленеді. Сарымайдың органолептика (дәмі, иісі, түсі) және физика бойынша қасиеттерін (балқу температурасы, тығыздығы, ылғалдылығы) арнайы құрылғылармен тексеріміз. Дайын өнім шыққан соң оны эталонмен салыстырамыз, — дейді сараптамашы.
Сарымайдың түсі оның құрамындағы май деңгейіне байланысты болады. Егер түсі ақшыл-сары болса, онда сарымайдың майлылық үлесі аз. Бірақ кейбір өндіріс орны сарымайға түс беру үшін бета-каротинді пайдаланады. Сондықтан май сатып алғанда оның қаптамада жазылған май деңгейі үлесі мен түсіне мұқият болған жөн.
Майдың консистенциясы (тығыздық деңгейі) бірегей болуы керек. Егер сарымай жұмсақ болса, оның құрамында химия қоспалары бар. Сарымайдың кілегей иісі болуы қажет. Дәмін татқанда май ауызда ерісе, онда оның құрамында химия қоспасы жоқ. Егер сарымайдың қаптама қағазы целлофан болса, оған жарық түсіп, сапасы бұзылады. Сондықтан қағаз қаптамасы бар сарымай сатып алу керек, — дейді Жұлдыз Батықова.
Дүкенде сарымай сатып алғанда нені ескеру керек?
- Сарымай сатып алғанда, әрине, ең әуелі оның жарамдық мерзіміне мән беру керек. Өйткені майдың құрамы салыстырмалы түрде басқа өнімдердікі сияқты емес, жарамдық мерзімі өткенде бірден бұзылады.
- Майдың қаптамасы қағаз болса, оған жарық түспейді. Сондықтан сарымай сатып алғанда қағаз қаптамасы барын таңдау қажет.
- Қаптамадағы сарымайдың құрамы туралы мәліметті міндетті түрде оқыған жөн. Себебі өнімнің түріне байланысты оның құрамындағы май үлесі әртүрлі болады. Сонымен қатар сарымайдың құрамында жасанды майлар мен ароматизаторлар көп болса, өнімді сатып алмаған дұрыс.