«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының болжамына қарағанда Солтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында да 15-20 м/с жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай ойнайды. Павлодар облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.
Жамбыл, Маңғыстау, Ақмола, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с жел соғып, шаңды дауыл тұрады. Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында да 15-20 м/с жел соғады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында найзағай ойнайды. Ақтөбе облысында жел екпіні секундына 16 метрге жетеді.
Алматы, Жамбыл (41 градус), Қызылорда (42 градус), Қарағанды, Ақмола (36 градус), Түркістан (41-43 градус) облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өрт қаупі күшейеді.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 6-8 тамыз күндері республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы тағы да жауын-шашынсыз болып, 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болатынын хабарлаған еді. Мамандардың болжамына қарағанда 7 тамыздан бастап еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы күндіз 20-25 градус жылыға дейін, кей жерде 30 градус жылыға дейін біртіндеп төмендейді.