Алматыда қатты ыстыққа байланысты ескерту жарияланды

Төтенше жағдайлар қызметкерлері аптап ыстыққа байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК филиалының 18.07.2019 күнгі төтенше ескертуі негізінде хабарлайды! 19-22 шілде күндері күндіз Алматыда 35-37 градус қатты ыстық болады, — деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысында да төтенше ескерту жарияланды. 19-22 шілде күндері өңірде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 19 шілде күні күндіз Қостанай облысында 37 градус ыстық болады.

Еске салайық, 18-19 шілде күндері Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарында 40-45 градус ыстық болатыны хабарланған еді.