Еліміздің 8 өңірінде бұршақ жауады

«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл облыстарында 15-20 м/с жел соғып, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, Жамбыл облысында нөсер жауады, Ақмола облысында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түседі, дауыл тұрады, екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. Қостанай облысында дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады, Түркістан облысында дауыл тұрады, Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады, 15-20 м/с жел соғады, Қызылорда облысында бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысында тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.