Басты бетМедицинаМедицинадағы Цифрландыру...

Медицинадағы Цифрландыру кеңсесінің негізгі міндеті қандай?

Ведомствоның Цифрландыру кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлікте медицинаны цифрландыру мәселелері талқыланды. Жиынға MedElement, «Салауатты Астана», Dzhandosov Soft, «Сункар», «КазМедИнвест», Ast On Line, «ТАН Технолоджис, «Гематология орталығы», iMFIS, iTereze, I-teka, ICS, «Решение Софт», «Надежда», «Цифровизация», MedconsultsKZ компанияларының, кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасының, Денсаулық сақтау ұлттық палатасының, «Даму» ақпарат технологиялары орталығының, Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының, Республикалық электрон денсаулық сақтау орталығының және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау мен ақпарат технологиялары саласының мамандары медицинаны электрон жүйеге көшіру, оны нарық қатысушыларына бірдей ашық ету мәселелерін көтерді. Сонымен бірге медициналық ақпарат жүйесі мен электрон денсаулық сақтау жүйесін жасаушыларға арналған талаптарды бекітуді, медициналық ақпарат жүйесінде шынайылық пен ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және мемлекет бюджеті қаражатын үнемдеу үшін жүйедегі сатып алу процедураларын өзгертуді ұсынды.

IT саласы мамандарымен кездесуде Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев ведомстводағы Цифрландыру кеңсесі осы жиында айтылған мәселелерді шешуге ықпал ететінін айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің Цифрландыру кеңсесінің негізгі міндеттерінің бірі — ҚР заңнамасы шеңберінде электрон денсаулық сақтау жүйесін дамытуға осы салада бәсекелесе алатын нарықтың көмегімен жағдай жасау, жүйеде бәрінің заңды және абсолют таза болуын қамтамасыз ету, — деді вице-министр Олжас Әбішев.