Басты бетҚоғамАптапқа не...

Аптапқа не себеп болды? Алдағы күндері температура төмендей ме?

Мамандар 13-15 шілде күндері еліміздің аумағында ауа температурасы қалай өзгеруі мүмкін екенін хабарлады.

Демалыс күндері республиканың көптеген облысында температурасы 35-40 градусқа дейін жоғарылайтын ыстық болады. Қазақстанның оңтүстігінде күн бұдан да қатты ысиды, күндіз 40-45 градус болады. Шығыста салқындау болады, жекелеген аудандарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін және күндізгі температура 25-35 градустан жоғарылайды, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Сонымен бірге Қазақстанның қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және аптаптың беті қайтады.