Insight into IELTS
Кітап авторлары — Ванесса Джейкман мен Клара Макдауэлл. Insight into IELTS — бұл Кембридж университеті баспасының кітап сериясы. Оқулықта IELTS емтиханына дайындайтын тест мен арнайы тапсырмалар бар.
Как сдать IELTS
IELTS емтиханының бірінші кезеңіне дайындайтын оқулық. Авторы — Евгения Протасеня. Мұнда емтиханды тапсыру туралы ақпарат, тапсырмалар мен тест бар. Сонымен қатар IELTS емтиханының Reading бөлімінде жиі кездесетін сөздердің жиынтығы құрастырылған.
Longman Exams Dictionary
Оқулықта Writing Guide (ағылшын стандартындағы жазба жұмысы), Topic Activator (IELTS емтиханында жиі кездесетін сөздер), Essay Activator (ағылшын тілінде эссе жазудың ұстанымдары) бөлім бар. Емтиханда жиі кездесетін сөздер мен терминдердің сөздігі жинақталған.
IELTS Practice Tests
Пирсон Лонгманның жинағы. Серия екі оқулықтан құрылған. Тест тапсырмаларының деңгейі күрделі. Оқулықтағы тапсырмаларды 5,5 балға орындасаңыз, IELTS емтиханынан жоғары балл ала аласыз.
Cambridge Vocabulary for IELTS with answers
Оқулық сөздік қорыңызды толықтыруға, жаңа терминдерді меңгеруге, лексиканың спецификасын түсінуге мүмкіндік береді. Емтиханда кездесетін сұрақтардың да жауабы бар.
101 Helpful Hints for IELTS
Оқулықта емтиханның өту барысы, тест пен деңгей бойынша бөлінген тапсырмалар бар. Бұл — IELTS емтиханына дайындайтын бірегей құрал. Авторы — Гарри Адамс.