Insight into IELTS

Insight into IELTS

Кітап авторлары — Ванесса Джейкман мен Клара Макдауэлл. Insight into IELTS — бұл Кембридж университеті баспасының кітап сериясы. Оқулықта IELTS емтиханына дайындайтын тест мен арнайы тапсырмалар бар.

Как сдать IELTS

Как сдать IELTS
Как сдать IELTS

IELTS емтиханының бірінші кезеңіне дайындайтын оқулық. Авторы — Евгения Протасеня. Мұнда емтиханды тапсыру туралы ақпарат, тапсырмалар мен тест бар. Сонымен қатар IELTS емтиханының Reading бөлімінде жиі кездесетін сөздердің жиынтығы құрастырылған.

Longman Exams Dictionary

Longman Exams DictionaryОқулықта Writing Guide (ағылшын стандартындағы жазба жұмысы), Topic Activator (IELTS емтиханында жиі кездесетін сөздер), Essay Activator (ағылшын тілінде эссе жазудың ұстанымдары) бөлім бар. Емтиханда жиі кездесетін сөздер мен терминдердің сөздігі жинақталған.

 IELTS Practice Tests

IELTS Practice Tests.  Коллекция  Pearson  Longman

Пирсон Лонгманның жинағы. Серия екі оқулықтан құрылған. Тест тапсырмаларының деңгейі күрделі. Оқулықтағы тапсырмаларды 5,5 балға орындасаңыз, IELTS емтиханынан жоғары балл ала аласыз.

Cambridge Vocabulary for IELTS with answers

Cambridge Vocabulary for IELTS with answers

Оқулық сөздік қорыңызды толықтыруға, жаңа терминдерді меңгеруге, лексиканың спецификасын түсінуге мүмкіндік береді. Емтиханда кездесетін сұрақтардың да жауабы бар.

101 Helpful Hints for IELTS

Оқулықта емтиханның өту барысы, тест пен деңгей бойынша бөлінген тапсырмалар бар. Бұл — IELTS емтиханына дайындайтын бірегей құрал. Авторы — Гарри Адамс.