Батыс пен оңтүстіктен басқа өңірлерде жаңбыр жауады

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 23-28 м/с жел соғады. Қарағанды облысында да тұман түсіп, найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады. Павлодар облысында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнайды, 15-20 м/с жел соғады, Жамбыл облысында дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында 18 м/с жел соғады, тұман түседі. Қызылорда, Түркістан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Маңғыстау облысында найзағай ойнайды.

Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында дала өрті қаупі күшейеді.