ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Қазақстан азаматтары той өткізу үшін алатын тұтынушылық кредит туралы пікір білдірді.
Сенат отырысында палата төрағасы Дариға Назарбаева Ұлттық банк басшысынан үйлену тойы үшін кредит беру мәселесіне қалай қарайтынын сұрады.
Біз құрылым бойынша қарадық — тұтынушылық кредит берумен айналысатын банктердің барлығында дерлік шамамен 9,5% той-кредит бар. Тиісті табысы болса, ешкімнен ондай құқық алып тасталған жоқ. Бұл әр отбасының өз шешімі екені түсінікті. Өкінішке қарай, бізде кредитті ата-аналар алып, оны соларға арналған адамдар төлейтін жағдайлар көп. Кредит оларға қызмет көрсету түрінде ауысады, — деді Ерболат Досаев.
Ұлттық банк басшысының пікірінше, елімізде қаржы сауатын арттыру мүмкіндіктері ескерілмеген.
Біз Қаржыгерлер қауымдастығымен келісім жасадық, оған банктер мен жергілікті атқарушы органдар қосылады. Бұл жұмысты біз екі есе белсенді жүргізіп, түсіндіреміз. Егер кредит алынса, ол төленуі керек. Той-кредитті адамдар өз мақсатына жұмсайды. Оған тыйым сала алмаймыз, бірақ той мақсатына алынатын кредит саны мен көлемін реттегіміз келеді, — деді Ерболат Досаев.