Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтындағы мәліметтер бойынша, Астана уақыты бойынша сағат 13.50-де Душанбеден шығысқа қарай 364 шақырым қашықтықта магнитудасы 7,2-ге тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 10 шақырым тереңдікте болды.
Айта кетейік, жер сілкінісі Алматыдағы көпқабатты үйлерде тұратын адамдар мен Шымкент қаласында да тербеліс сезілген.
Қазақстан ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Өзбекстан мен Қырғызстанда да сезілді. Алматыда тербеліс күші 2-3 балл, ал Тараз бен Шымкентте 3-4 балл болды.