Альварес жеңіліп қалудан қорқады — Головкиннің жаттықтырушысы

 

Санчестің айтуы бойынша, кездесу болған күннің өзінде, 2018 жылдан ерте өткізілмеуі мүмкін. Оның ойынша, Альварес Головкиннен емес, жеңіліп қалудан қорқады.

«Альваресті Голокиннен қорқады деп ойламаймын. Бірақ ол жеңіліп қалудан қауіптенеді. Кездесу болған күннің өзінде 2017 жылы емес, 2018 жылы бірақ өткізілуі мүмкін, — дейді Санчес. — Альварес көпшілікке: «Қолыма дәл қазір қолғап киіп, Головкинге қарсы шығуға дайынмын» десе, промоутер Оскар баспасөз конференциясында: «Телефондарыңыздың қосулы тұрғанын мұқият бақылаңыздар, ертең сізге қоңырау шалуым мүмкін» дейді. Журналистер олардан неліктен айтқан сөздерін іспен дәлелдемейтінін сұраулары керек» дейді Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы.

«Менің ойымша, олар Головкиннің жолды босатқанын күтіп жүр. Орта салмақта Головкин болмағанда, «Канелоға» әлдеқайда жайлы болар еді» дейді Абель Санчес.

ДереккөзVesti.kz