Спорттық шарада қатысушылар 200 метр, 500 метр және 3 шақырым қашықтықты бағындырды. 200 метр қашықтық бойынша ер балалар арасында Артур Берікқали, қыздар арасында Диана Шатова мәреге бірінші болып келді. 500 метр қашықтықта бірінші орынды ер балалар арасында Мирас Амзе және қыздар арасында Алтынай Нұрланқызы алды. 3 шақырым қашықтық бойынша көшбасшы 9-11 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Артеми Кузнецов және Евелина Башпаева, 12-14 жасқа дейінгі қатысушылар арасында Илья Урожай және Алина Клинюшина болды.
Біздің міндетіміз — спортты дамыту және оны жас ерекшелігіне қарамастан барлық адамға қолжетімді ету. Осымен екінші жыл қатарынан балаларға арналған марафон ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз — кішкентай спортшыларды марафонға қатыстыру және жеңіс тұғырынан көрініп, медаль алу мүмкіндігін беру. Балаларының спортқа деген қызығушылығына зор мән берген ата-аналарға ерекше алғыс айтқым келеді дейді, — ұйымдастырушы Валихан Тен.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс аясында 5 маусымда БҰҰ жыл сайынғы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай акция өткізген. Осы орайда бастапқы нөмірдегі әрбір қатысушы тегін көк жейдеге ие болған. Жарысқа көк киімді киіп қатысу арқылы балалар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын сезінген.
Кезекті «Алматы марафоны» 22 маусымда өтеді. Онда балалардың қашықтығы да ұсынылады. Сонымен қатар 30 маусымда Қапшағайда жүзу бойынша марафон өтеді.