Қазан айында Алматы жартылай марафоны өтеді

2019 жылдың 13 қазаны күні Алматы жартылай марафоны өтеді. Спорт шарасына қатысушыларды тіркеу 25 сәуір күні басталып, 27 қыркүйек күні аяқталады. Қатысушылардың саны 5 мыңға толған жағдайда ғана тіркеу тоқтатылады. Марафонға қатысушылар Аlmaty-marathon.kz порталы арқылы тіркеле алады.

Алматы Марафоны жүгіру
Фото ашық дереккөзден

Жүлде қоры (21 шақырым бойынша) 1-орынға 300 мың теңге, 2-орынға 250 мың теңге, 3-орынға 200 мың теңге болады. Сөре әл-Фараби даңғылының Тұңғыш Президент саябағы тұсында, мәре Орталық стадионда.

Жарысқа қатысу үшін 15-18 жасқа дейінгілерден:

  • жеке куәліктің көшірмесі (туу туралы куәліктің көшірмесі);
  • ата-анасының (екеуінің) жарысқа қатысуға рұқсат беру туралы қолхаты;
  • қолхатқа қол қойған ата-атаның (екеуінің) жеке куәлігінің көшірмесі талап етіледі.

18 жастан асқандардан:

  • жеке куәліктің көшірмесі; қолхат талап етіледі.

Сағат 08.00-де 10 шақырым жарысы басталса, 08.20-да 21 шақырымның жарысы басталады. Сөре жарнасы – 5 мың теңге (10 шақырым, 21 шақырым).

Алматы марафоны жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара ретінде белгілі. Ол қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылады. Биыл 21 сәуірде өтіп, оған әлемнің 53 елінен 17 мың спортшы қатысты. Осылайша бұл марафон Орталық Азиядағы ең ауқымды жүгіру сайысы ретінде есте қалды.

Алматы марафонының бас демеушісі – Kaspi.kz, құрметті демеушісі – Sulpak, Алматы әкімдігі, “Алматы спорты” әлеуметтік бағдарламасы. Шараны ұйымдастырушылар: “Бірінші болу – батылдық” корпоратив қоры, World Class Almaty фитнес-клубы және Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.