Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

8 маусым тыныштық күні болып жарияланды

Фото: Bnews.kz

8 маусым Қазақстан Президентін сайлау қарсаңында тыныштық күні болып жарияланды. Полиция сайлауға байланысты 7 маусымнан 12-сіне дейін түгел күшейтілген қызметке көшті.

9 маусым күні сайлау болады, патруль барлық жерде жұмыс істейді. 21 мыңнан астам полицей жұмылдырылады. Мұндай шара сайлау болған сайын қолға алынады, — деп түсіндірді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Президентті сайлау 9 маусым күні 07.00-20.00 аралығында болады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кем емес уақыт ішінде сайлау учаскелерінде дауысты есептеу басталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижесі аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ге екі күнде (2019 жылдың 11 маусымынан кешіктірмей) жеткізіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *