Ғалымжан Молданазар: Фонограммамен ән айту — қылмыс

Мен үшін қазақ тілі – өмірге келгенде ең алғашқы естіген дыбыстарым. Мен оны мектеп бітіргенге дейін естідім. Себебі, ауылда бір ғана орыс отбасы болатын, оның өзі орысша білмейтін еді.

***

Мен өзімді қазақ эстрадасының өкілімін деп санамаймын. Өтірік айтпай-ақ қояйын, маған біздің эстрада ұнамайды. Фонограмма – қылмыс. Адамдарға жансыз дауысты тыңдатып, сол үшін ақша алу деген… Біздің тыңдармандар, көрермендер өздерін алдап отырғанын түсінуі, әншілер болса, қылмыс жасап отырғанын білуі керек. Менің бұл қылмысқа араласқым келмейді.

***

Менде ұлтшылдық жоқ. Алайда, адамдар біреуді талқылағанды жақсы көреді. Мысалы, біреу ауылдан қалаға келеді де, танымал тұлғаға айналады. Сосын: «Өз тіліңде сөйлеу керек! Оны білмеу – масқара!»,-дейді. Бұған қаладағыларды айыптаудың қажеті жоқ. Олар емес, бұған уақыт кінәлі. Мен Алматыға келгенде адамдар барлық жерде орыс тілінде сөйлейтін. Қазір олай емес.

***

Мені түсінбейтін, қабылдамайтын ортада, тойда ән айтқым келмейді. Оған бір жағдай себеп болды. 2013 жылы мен алғашқы бейнебаянымды түсіріп, таныла бастағанда, тойға шақырту жиі түсті. Ақша үшін келісетінмін. Алайда, бір-екі рет барып, төбелесіп қала жаздадым. Ән айтып тұрғанда бір ер адам сахнаға шықты да, мені боқтай бастады, өзі сондай ашулы еді. Мен оған ұнамай қалыппын. Қазір жастар ғана емес, ересектер де тәрбиесіз, әрі мәдениетсіз. Жауап беруге тура келді.

***

Менің жолым болды. Бізден де мықты әншілер бар, алайда олар әзір ешкімге керек емес. Мен бұрыннан ән жазамын, бейнеклиптерім желілерде жарияланып жүрді. Кенеттен Ресейде біреулер «О, бір қазақ керемет синти-поп жазып жүр»,-деп еді, біздікілер: «О! Қазақ Еуропада бір нәрсені жеңіп алыпты»,-деп шықты. Түсінесіз бе? Достар, мен оған дейін де бар болған едім ғой…

***

Алматыны қатты жақсы көремін. Мені танымалдылық пен ақша қызықтырмайды. Көп адамдар менің орнымда болса, шетелге кетіп қалар едік дейді. Менің кеткім келмейді. Аяғына дейін осы қалада қалып, made in Kazakhstan болатын бәр нәрсе жасасам деймін.

***

Менің ойымша, халық не болып жатқанын түсінбейді. Мысалы, маған бір шенеунік: «Сен америкалық музыканы насихаттап жүрсің! Бұның дұрыс емес. Біздікі деген МузАрт, Қайрат Нұртас»,-деп ренжиді (…) Солай деп жүргендердің мерекелік шараларға кімді шақыратынын мен білемін. Олар Канье Уэста, Бейонсе, Дженнифер Лопесті шақырады.

***

Бәрі жоғарыда отырған адамға ғана емес, әрқайсымызға байланысты. Егер әрбіріміз өз жұмысымызды адал атқарсақ, еліміз бен оның тұрғындарын ақша үшін емес, ар үшін сыйласақ, міне, осы патриотизм! Адам жақсылық жасай білуі керек. Біреу мұны естіп күлуі мүмкін. Алайда, қазір біз тіпті достарымызға да сенбейтін күйге жеттік. Адамгершілігімізді жоғалтып бара жатқан сияқтымыз.

***

Ауылдастарым маған: «Саған не болған? Бала кезіңде жап-жақсы едің ғой?»,-дейді. Көбінесе, жасы отыздан асып кеткен, ауылдағы ата-анасының мойнында отырғандар осылай дейді (…) Өздері әке-шешесінің зейнетақысына күн көріп отыр. Жұмыс істемейді, армандамайды. Отырып алып, «Ғалымжан не айтып жатыр? Нашақор…»,-деп, теледидармен сөйлеседі. Мен мұндайды түсіне алмаймын. Назар аудармауға тырысамын. Тіпті Майкл Джексон да бәріне бірдей ұнамаған.

Дереккөзvlast.kz