2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан музейлері 10 миллиард теңгеге дейін қызмет көрсеткен, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 24,4%-ға көп. 2017 жылы музейлер көрсеткен жалпы қызмет көлемі 8,1 миллиард теңге болды және алдыңғы жылға қарағанда 13,4%-ға көбейген еді.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, 2018 жылдың желтоқсанында Қазақстанда 245 музейдің жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды, бір жыл бұрын музейлер саны 240 болған.

Музей саны жөнінен республика бойынша Алматы, Түркістан, Ақтөбе облыстары алғашқы үштікке енеді. Алматы облысында 28 музей, Түркістан облысында 27, Ақтөбе облысында 20 музей бар.

Қазақстан музейлерінің географиясы
Қазақстан музейлерінің географиясы

Еліміздегі музейлердің негізгі қорының жәдігерлер саны бір жылда 2,5 миллионға жетіп, 1,8%-ға көбейген. Электрон форматтағы жәдігерлер саны 837,4 мыңға жетіп, 14,1%-ға көбейген.