Нұрғали Белісбеков: Жиһадшылар террористік актілер жасауы әбден мүмкін

«Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы «Дөңгелек үстел» отырысы барысында Нұрғали Белісбеков осы уақытқа дейін құрықталған террористік әрекеттерді атап өтті. Оның айтуы бойынша, террористік лагерьлерден 45 Қазақстан азаматы депортацияланды. Өз еркімен оралған азаматтар да аз емес. Бес жылдың ішінде 445 адам сотталған.

«ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ БІЗ ОНДАЙ АДАМДАРДЫ АРЫ КЕТСЕ, 7 ЖЫЛҒА СОТТАЙ АЛАМЫЗ. БҰЛ — ЕҢ ЖОҒАРЫ ЖАЗА. СОНДЫҚТАН ОСЫ МӘСЕЛЕНІ РЕТТЕУ КЕРЕК ДЕП САНАЙМЫЗ»,-ДЕП АТАП КӨРСЕТТІ Н.БЕЛІСБЕКОВ.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылдың ішінде сан алуан мақсаттағы 64 террористік және экстремистік акциялардың жолы кесілді. Ал ағымдағы жылы ондай 9 әрекет әшкереленді.

Дереккөзbaq.kz