Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

«Көксерек» мультфильмі жарыққа шықты (трейлер)

Фото: скриншот

«KADAM» студиясы түсірген 15 минуттық мультфильмін Сұлтан Жұмабекұлы, Мейіржан Сандыбай және Әділбек Баян есімді студент жастар жасап шығарған екен. Ол туралы балалар фильмінің трейлерін жариялаған Салтан Сайранұлы жазды.

««Байқоңыр» атты жас кинематографистердің қысқа метражды фильмдері кинофестиваліне «Көксеректі» алып келдік, ертең «Көктөбеде» көрсетеді, сізге билетіміз бар, келіңіз» деп көңілімді көкке бір көтеріп тастады. Қуана-қуана бардым.

Мультипликациялық фильмдердің шымылдығы осы «Көксерекпен» түрілді. Сөз жоқ, мультфильм керемет шыққан. Жігіттердің «Warner bros», «Walt Disney Pictures», «Pixar» секілді студиялардың ізін басып келе жатқан жас буындар екеніне көзім жетті. Өте талантты, шебер, өнерлі. Бұл жігіттер әлі университет студенттері. Бірақ шығармалары қаншама жылдық тәжірибесі бар шеберлерден асып түспесе, кем түспейді» — дейді Сұлтан Сайранұлы.

Бұл туындыға 21600 картина сызылыпты.

«Бүгінде мұхиттың ар жағындағы Америка мен Батыс балаларымызды өздерінің арсыз, мәнсіз мультфильмдері арқылы улауда. Ал біз оған қарсы иммунитетке әлі ақша аяудамыз. Көрсететініміз еңбексіз жұртты алдап жүрген алаяқ «Алдаркөсе». Одан қалса, менталитетімізге бес қайнаса сорпасы қосылмайтын шетелдік өнімдер. Бұлардың қасында «Көксерек» әлдеқайда артық» — дейді Сұлтан Сайранұлы.

https://youtu.be/i6f7rbltgEo

Один ответ для “«Көксерек» мультфильмі жарыққа шықты (трейлер)”

  1. Ассаламуалейкум!
    Есіміді қате жазыпсыздар. Сұлтан емес, Салтан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *