Йохан Филип «Пилу» Асбек — ең әуелі «Тұтқын R» драмасындағы ролінен кейін аты шыққан дат артисі. Бұл роль оған бірнеше марапат алып берді: Дания киноакадемиясының «Роберт» сыйлығы, Дания киносыншылар қауымдастығының «Бодиль» сыйлығы және Берлин кинофестивалінің «Аққан жұлдыз» наградасы.

Пилу Асбек даттың «Үкімет» саяси драмасындағы ұстанымы жоқ саяси технолог Каспер Юлдің ролі арқылы да жұртшылыққа кең танылды. Оған әлемдік даңқ, әрине, HBO арнасындағы «Тақтар ойыны» сериалының арқасында келді, ол фильмнің 6-маусымынан бастап «Темір флот» капитаны Эурон Грейджой ролінде пайда болды.

Пилу Асбек сонымен бірге Скарлет Йоханссонмен бірге Люк Бессонның «Люси» экшнында және Руперт Сандерстің «Сауыт-сайман киген елес» фантастикасында ойнады. Ол көрерменге Тимур Бекмәмбетовтің «Бен-Гур» пеплумындағы және Чжан Имоудың «Ұлы Қорған» фильміндегі рольдерімен де таныс.

Былтыр Пилу Асбек режиссер Джулиус Эйверидің «Оверлорд» қиял-ғажайып хоррорында негізгі антагонистің ролінде ойнады. Алдағы уақытта оны Джеки Чан мен Джон Син ойнайтын «Икс жобасы» қымбат боевигінен көруге болады.

Еске салайық, Comic Con халықаралық фестиваль-көрмесі Нұр-Сұлтанда 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Шара бағдарламасында комикс әлеміндегі әлеміндегі жаңа өнімдердің таныстырылымдар, фильмдер мен сериалдардың арнайы көрсетілімдері, панель сессиялары мен мастер-кластар, киберспорт чемпионаты, комикстер көрмесі, музыкалық бағдарлама мен ұтыс ойындары болады.

Фестиваль алаңында Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлем брендтері өз өнімдерін ұсынады.

Шараға Қазақстанның танымал q-pop тобы Ninety One қатысады. Атышулы артистер 2 маусымда фестивальдің жабылу салтанатында хиттерін орындайды. Ұжымның жанкүйерлері музыканттармен фото және автограф сессияларына қатысуға мүмкіндік алады.

Comic Con фестиваліндегі жұлдызды қонақтардың қатарында Ресейдің кино және комикс блогерлері Денис Оптимисстер мен Вика Кисимяка болады.

Денис Оптимисстер «Комикстерді не үшін істеу керек?» атты дәрісін оқып, авторлар аллеясында мерчін ұсынады. Вика Кисимяка аудиториямен сұрақ-жауап форматында интерактив, фото және автограф сессиясын өткізеді, авторлық мерчендайзын ұсынады.

Comic Con аясында жарқын костюмдер шоуы — косплей байқауы да өтеді. Қазылар алқасында Ресейдің танымал модельдері мен косплеерлері Ирина Мейер, Илона Бугаева, Геша Петрович, Ксения Шелковская, Григорий Айрапетян және Эстонияның кәсіби крафтері әрі косплеері Мария Давыдова болады. Байқаудың толық мәліметін фестивальдің ресми сайтынан көруге болады.

Фестиваль қонақтарын таңғажайып көрініс — Meka роботы күтеді. Бұл бұрылмалы кабинасы, жарығы және терімен әрленген кабинасы бар үлкен үш метрлік робот. Ресей косплеері Григорий Айрапетян оның жасалуы туралы дәріс оқиды.

Халықаралық Comic Con фестиваль-көрмесі Балаларды қорғау күніне орайластырылған. Фестивальді Қазақстанда Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің ресми серіктесі – «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ.

Іс-шараның өтетін орнын «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ ұсынды.

Фестиваль билеттерін жобаның ресми сайты — Сomicconastana.com сатып алуға болады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан және осы сайтта көрсетілген сату нүктелерінен де ала аласыз. Фестиваль Нұр-Сұлтанда EXPO конгресс-орталығында өтеді.