Отандық q-pop бағытының негізін қалаушы Ninety One тобы Қазақстан мен Орталық Азиядағы комикс индустриясына арналған бірінші Comic Con фестивалінің музыка алаңында өнер көрсетеді. Концерт 2 маусымда, фестивальдің соңғы күнінде өтеді. Топ жанкүйерлері музыканттармен фото және қолтаңба сессияларына қатыса алады.

2015 жылы құрылған Ninety One тобы музыкалық мәнерімен, эпатаж имиджімен қалың жұртшылықтың назарын бірден аударды. Жігіттер миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулап қана қоймай, q(qazaq)-pop музыкалық бағытына құмарлықтың жаңа толқынын әкелді.

Q(qazaq)-pop — Ninety One тобы негізін салған, Қазақстанда қалыптасқан жаңа музыкалық субмәдениет. Q-pop-та батыс электропы, хип-хоп, заманауи ритм-н-блюз және би музыкасының элементтері аралас.

Қазіргі уақытта поп-топтың репертуарында 19 ән, «Айыптама» шағын альбомы және Qarangy Zharyq толық студиялық жазбасы бар. Ең танымал синглдары — «Айыптама», «Қайтадан», «Қалай Қарайсың», Su Asty, All I Need және тағы басқалары. Топ EMA сыйлығының алты марапатын алған. 2019 жылы олар Кореядағы I Can See Your Voice телешоуына қатысып, жеңімпаз атанды.

Ninety One тобының продюсері, ORDA тобының мүшесі — Ерболат Беделхан.

Comic Con халықаралық фестиваль-көрмесі Нұр-Сұлтанда 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді. Шараға Ресейдің танымал кино және комикс блогерлері Денис Оптимисстер және Вика Кисимяка қатысады. Денис Оптимисстер «Комикс жасаудың қажеті не?» тақырыбында лекция оқып, авторлар аллеясында мерчін ұсынады. Вика Кисимяка аудиториямен сұрақ-жауап форматында интерактив өткізіп, қолтаңба береді, фотосессия жасайды.

Comic Con аясында жарқын костюмделген шоу форматында косплей байқауын өткізу де жоспарланып отыр. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Ресейдің танымал модельдер мен косплеерлері Ирина Мейер, Илона Бугаева, Геша Петрович, Ксения Шелковская, Григорий Айрапетян және Эстония кәсіби крафтері әрі косплеері Мария Давыдова да бар.

Comic Con фестивалі Балаларды қорғау күніне орайластырылған. Фестивальді Қазақстанда Astana Convention Bureau атынан Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырып отыр.

Фестивальдің ресми серіктесі – «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ.

Іс-шараның өтетін орнын «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ ұсынды.

Шара бағдарламасында комикс әлемінің жаңалықтары мен жаңа өнімдерінің таныстырылымдары, фильмдер мен сериалдардың арнайы көрсетілімі, панель сессиялары мен мастер-кластар, киберспорт бойынша чемпионат, комикстер көрмесі, естелік сыйлықтардың ұтыс ойындары да болады.

Фестиваль билеттерін жобаның ресми сайты — Сomicconastana.com сатып алуға болады. Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан және осы сайтта көрсетілген сату нүктелерінен де ала аласыз. Фестиваль Нұр-Сұлтанда EXPO конгресс-орталығында өтеді.