Жаттығу залына оған тек қараша айының басында келуіне болады. Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының рингке 2017 жылдан бастап шығатынын хабарлады. Сонымен қатар, Альварес қаңтар немесе ақпан айындағы жекпе-жекке емес, 6 мамырда өтетін «Cinco de Mayo» (Синко де Майо) мексикалық мерекесі кезінде ғана шығуы мүмкін.
«Егер есептейтін болса, Головкинмен кездесуі үшін оған әлі бір-екі жекпе-жек өткізу керек. Сонда ғана ол қаңтар немесе ақпанда кездесуге шыға алады. Бірақ желтоқсанда айында емес» дейді Golden Boy компаниясының вице-президенті Эрик Гомес.
«Қыркүйектегі белгіленген күнді ескеріп отырғандықтан, бәрі өзіне байланысты. Қыркүйек айында (2017 жылы) Головкинмен кездесу болады. Том Лёффлер (Головкиннің промоутері) менімен келесі аптада байланысқа шығатынын хабарлады», дейді Эрик Гомес.