«Алтын адам» ханшайым ба?

Тарихта сәукелені ұзатылатын қыз ғана кигенін білеміз. Ал сәукелеге ұқсас баскиім киген Есік қорғанынан табылған "Алтын адамды" ханзада деп жүрміз. Сонда сақтардың ерлері де сәукеле киген бе? Әлде "Алтын адам" деп жүргеніміз шынында әйел ме?

Бұл сұраққа журналист Серікбол Хасан «Қазақ пен қазан» атты кітабында жауап береді. Оның тұжырымынша, «Алтын адамның» төңірегінде түрлі зерттеу, соның ішінде сүйегіне хромосома талдауын жасау қажет. Сақ дәуірінде ел билеген Тұмар ханым тәрізді патшайымдар аз болмады. Сол себепті де «Алтын адамның» әйел болуы ғажап емес. Ал егер сүйекке талдау жасалып, осы тұжырым дәлелденсе, тарих үшін тағы да жаңалық болмақ.

Алтын адам
Фото: Qazaquni.kz

«Қазақ пен қазан» атты кітапта осындай 50 түрлі тақырып қозғалады. Публицистика мақалалары топтамасында қазақ халқының арғы-бергі тарихына шолу жасалып, тарихи тұлғалардың бізге беймәлім болып келген өмір кезеңдері баяндалады.

Кітап қалай дүниеге келді? Мұндағы кей ақпарат фильм болып түсірілуі мүмкін бе? «Қазақ пен қазанның» жалғасы бола ма? Бұл туралы Серікбол Хасан «Сөре» бағдарламасында айтып берді.

Айта кетейік, «Сөре» бағдарламасы — қазақ және шетел әдебиетінің туындыларын таныстыратын, талдайтын YouTube-жобасы.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!