Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде. Фото: Аkorda.kz

Президенттің құттықтау сөзінің толық мәтіні төменде.

Құрметті отандастар!

Барша православ христианын Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді.

Дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сонымен бірге барлық этнос пен конфессия өзара сыйластықта өмір сүріп жатыр.

Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді.

Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *