Биыл қанша мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды?

Жылдың басынан бері Қазақстанда 305 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандары хабарлады.

Заңсыздықтар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы шеңберінде есепке алынған. Оның 37-і — ескерту, 77-сі — сөгіс, 83-і — қатаң сөгіс, 35-і — қызметке толық сәйкес келмейтіні туралы ескерту.

Алты қызметшінің лауазымы төмендетілген, 67 адам қызметтен қуылды. 91 басшыға 10 ескерту, 32 сөгіс, 22 қатаң сөгіс алды, 12 адамға қызметке толық сәйкес келмейтіні ескертілді. Басшылық қызметтегі бұл адамдардың екеуінің лауазымы төмендетілсе, 13-і жұмыстан шығарылды.

Агенттіктің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл әкімдерінің бірі қызметкерлеріне сыйлықақы тағайындап, кейін сол қаражаттың 20 мың теңгесін ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтауға және әкім аппаратының басқа да шығындарына аударуды талап еткен. Әкім қызметінен қуылды. Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің бірі жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салғаны үшін жұмыстан шығарылды.

ДереккөзTengrinews.kz