Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан күміс медальді қоржынымызға салған Жазира Жаппарқұл журналистерге қазақ тілінде сұхбат беріп, жеңісін еліне арнайтынын алға тартты.
Есебі қате кетпейтін Алексей Ни кеше журналистерге “ертең 1 алтын, 1 күміс аламыз” деген уәде берген еді. Бүгін сол уәдесін толығымен орындады,- деп хабарлады Қазақпарат тілшісі.
23 жастағы ауыр атлет Жазира Жаппарқұл әйелдер арасында 69 килограмм салмақ дәрежесі бойынша Рио олимпиадасының күміс медалін алды. Спортшы бұл жүлдесіне қуанғанымен, бас бапкер Алексей Ни «алтын алатын мүмкіндік болған еді» деп өкінеді.
Қазақстандық ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Нәтижесінде отандасымыз Қазақстан құрамасының қоржынына бесінші медальды салды.
Жарыстың алғашқы күнінде 56 келіге дейінгі (ерлер арасында) және 48 келіге дейінгі (әйелдер арасында) салмақтағы жеңімпаздар анықталды. Чемпионаттың алғашқы алтын медалін қоссайыста-256келі (116+140) салмақты көтерген Игорь Сон алды.
48 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында Александра Лачкова-143келі(67+85) салмақты көтерсе, 53...
Естеріңізге сала кетейік, Өтешов пен Қыдырбаев Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақта тиісінше күміс және қола жүлдегер атанған. Одан кейін, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы бұл спортшыларды «допинг қолданды» деп айыптап, алдағы жарыстарға қатысуға...
22 жастағы ауыр атлет Жазира Жаппарқұл Шымкентте биыл көктемде өтетін шешуші жарысқа (Қазақстан чемпионаты) дайындалып жүр. Бірақ Рио-де-Жанейро (Бразилия) олимпиадасына жолдама берілетін Шымкенттегі жарыс Жазира үшін халықаралық бәсекеден қиын болатын түрі бар. Өйткені, ол...