Жекпе-жекті қарқынды бастаған Жанқош Тұраров қарсыласын үшінші раундта екі мәрте нокдаунға жіберген болатын, осыдан соң төреші кездесуді аяқтау туралы шешім шығарды. Жанқош Тұраров WBA рейтингісінде 10-орында және IBF рейтингісінде 12-орында келеді.
Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраровтың келесі қарсыласы белгілі болды. Отандасымыз 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатында мексикалық боксшы Густаво Гарибаймен жұдырықтасады.
Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қабылдауында болғанда елімізде жеке бокс кешін өткізгісі келетінін айтты..