Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров 1990 жылы Жамбыл облысы Талас ауданындағы Ақкөл ауылында туған. Бокспен 14 жасынан айналысқан. 2008 жылы кәсіпқой бокстың қыр-сырын меңгеру үшін Алматыға келеді. 2012 жылы кәсіпқой боксшылар арасындағы Қазақстан чемпионы атанды. Ал 2013 жылы Майамиге қоныс аударып, Қанат Исламмен бірге Нельсон Лопестің қарамағында жаттығады.

Жанқош Тұраров Кеңес Одағында әуесқой боксқа көбірек көңіл бөлінгендіктен, кәсіпқой бокс кенжелеп қалған деп санайды. 66,7 келі салмақта өткізген барлық 18 кездесуін жеңген ол, 13 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Биыл Нью-Йоркте 29 қаңтарда өткен жекпе-жегінде ол қарсыласы бразилиялық боксшы Хоаким Карнейроны бірінші раундта ақ сұлатып салып, NBA (Боксшылардың ұлттық қауымдастығы) чемпионы атанды.

Қазір Қазақстанда жүрген боксшы сәуір айында АҚШ-та 19-шы кездесуін өткізеді. Қазір оның промоутері Нельсон Лопес оған қарсылас іздеуде. Жанқош Тұраров келесі жылы әлемдік рейтинг бойынша үздік он боксшының қатарына кіруді және әлем чемпионы атағын жеңіп алуды көздеп отыр.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!