Бүгін еліміздің солтүстік бөлігінде күндіз аз мөлшерде жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі.
Бүгін Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, бұрқасын соғып, желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел 15-23 м/с күшейеді.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде...