Сайрам-Өгем шатқалының құтқарушылары Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттердің бірінің денесін тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы Назарбаев университетінің студенттері, ал біреуі Кентаудағы лицейді биыл бітірген түлек.