Алматы тауларында туристер үшін лашықтар салынады

Бұл туралы қалалық туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді өңірлік коммуникациялар брифингі мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, кейінгі 3 жылда мегаполиске жақын орналасқан тау шатқалдарына қала тұрғындары мен қонақтары жиі бараған. Тау туризміне деген қызығушылық әсіресе пандемия кезінде арта түскен.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз және жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспары әзірленді. Тау бағыттарының шалғай тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристер тұратын 15 лашық салынады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, құтқару отрядтары үшін дабыл түймелері бар 10 радиорелелік діңгек орнатылады, — деді Сабина Аманкелді.

Басқарма басшысының айтуынша, сонымен бірге лашықта туристер түнеп, суық күні жылынуға мүмкіндік алады. Алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді телефонда қуаттайтын құрылығы мен жылы көрпе және азық-түлік жиынтығы болады.

Қазіргі кезде тау қауымдастығымен бірлесіп келесі шатқалдарда локациялар пысықталып жатыр. Атап айтар болсам, орта және Талғар, Кімасар, Түйік-Су, жоғарғы Горельник, Үлкен Алматы шатқалы, Шүкір және Проходное, — деді ол.

Жалпы, туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру және тауға шығу үшін TAU Go смарт-навигаторы түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ол төтенше жағдайлар департаменті базасымен интеграцияланады.

Шымбұлақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді, сондай-ақ «Тұйықсу» шатқалында тікұшақ алаңы ұйымдастырылады.

Сабина Аманкелді туризм басқармасы жүйелі негізде бағыттарды абаттандырып жатқанын хабарлады.

Бүгінде 500 шақырым жол абаттандырылып, 1 000 шақырым тау жолдары цифрландырылды. Бағыттар бойынша 26 ақпараттық стенд, 154 көрсеткіш, 80 ақпараттық қалқан, 14 ақпараттық баған, 163 орындық және 68 күрке орнатылды. Барлық навигациялық стендте QR-кодтары бар, онда туристер маршруттың күрделілігімен, оның ұзақтығымен және өту уақытымен таныса алады, — деді ол.

Биыл жалпы ұзындығы 172 шақырым болатын Үлкен және Кіші Алматы шатқалындағы жаяу тау жолдары қосымша абаттандырылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері таудағы жедел-құтқару жасағының мамандары 26 адамды құтқарды.