Түркістан облысында тауда жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психология көмегін көрсетіп жатыр.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікшағы жұмылдырылды.

Тау
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Еске салайық, Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған болатын. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге  оралуы керек еді.