Түркістан облысында адасып кеткен үш турист құтқарылды

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі демалушылардың құрамында 1994, 1994, 1993 жылғы Сарыағаш ауданының үш тұрғыны болғанын хабарлады.

Демалушылар Біргүлік шатқалы бағытындағы тауларға сарқырамаға дейін барып, адасып кеткен. Қайтып келе жатқанда жоғалғандардың айтуы бойынша, олардың біреуі ауырып қалып және олар өздігінен таудан түсе алмайтынын түсінген, – делінген хабарламада.

16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы және де Түркістан обылысы Төтенше жағдайларды департамент бастығының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев жедел құтқару жасағынан (6 құтқарушы) жіберген.

Түркістан, Тау
Фото: Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

17-25-те тікұшақтағы іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды.

Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент әуежайына жеткізілді.