Сүт безі қатерлі ісігінің қалай алдын аламыз? Өзін-өзі тексерудің маңызы қандай? Оны қалай жасаймыз? Осы және өзге де сұрақтарға онколог-маммолог Назгүл Омарбаева жауап берді.
Сүт безінің қатерлі ісігі таралу жағынан 1-орында тұр. Жыл сайын оған 4 мыңнан астам әйел шалдықса, 1500-і көз жұмады. Бірақ оның соңы тек өліммен аяқталмайды, жеңіп шыққандар да бар.