Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабта 2029 жылға қарай шағын және орта бизнес саласындағы жұмыскерлердің санын 4,7 млн адамға дейін жеткізу шаралары қаралды.
Отандық өндірісті дамыту мақсатындағы "Қарапайым заттардың экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы қазіргі уақытта өңір кәсіпкерлеріне тиімділігін көрсетіп жатыр.