Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеп жатқан үкіметке сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін қайта қарауды тапсырды.