«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашын болады. Тек 8 сәуір күні ғана күн жылынады.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы үш күнде еліміздің бүкіл аумағында ауа райы салқын және ауа температурасы климаттық нормадан 2-5ºС-қа төмен болады.