Адам неге ренжігіш болады? Мұның балалық шаққа қатысы бар ма? Baribar.kz тілшісі осы және өзге де сұрақтарды психолог-практик Гүлден Саматқызына қойып көрді.
Реніш – адамды бүлдіретін көңіл күй. Реніш – бұл тоқтатылған, «буып-түйіп» қойылған ашу. Бірақ, сонда да адамның бет-жүзі мен тәнінде оның белгісі көрініс береді.