Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Руслан Тұрғаналы президенті әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
Бүгін Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің басшылығы Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақ халқының ұлы перзенті, "Халық Қаһарманы" Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.