Президент әкімшілігінің бірқатар қызметкері жұмыстан босатылды

Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесінің бірқатар қызметкерін лауазымынан босатты.

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

  • Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазымынан;
  • Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымынан;
  • Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан;
  • Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы лауазымынан;
  • Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі лауазымынан;
  • Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде басқару құрылымының өзгеруіне байланысты:

  • Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі лауазымынан;
  • Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан;
  • Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.