Арман Қырықбаев президент әкімшілігі коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды

Ақорданың ресми сайтында Арман Қырықбаевтың жаңа лауазымға тағайындалғаны жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.